Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 530837
Тема сообщения
Алматы қаласы шегіндегі қойма үй-жайы (меншікті немесе жалға алынған), кемінде 1000 м², еденнен төбеге дейінгі биіктігі кемінде 4 метр, жүк көтергіштігі кемінде 800 кг 30000 кг аспайтын автомашиналардың келуге мүмкіндігі бар болуы (растайтын құжаттармен)
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Исанкулов Д
Представитель поставщика
ИСАНКУЛОВ ДАУРЕН БОЛАТОВИЧ
Дата и время отправки сообщения
2025-06-30 15:51:03
Текст сообщения
Қойма қандай мақсатта сұратылып жатыр? егерде жүкті Алматы қаласы және Алматы облысынан тасымалданатын болса, жүкті Баспалардан артып шығып, алып барып тастайды емес пе? артық талап қойып жатырсыздар. Қойманы алып тастауыңызды сұраймыз.
Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2025-07-03 15:29:26
Автор:
ШЫНТАСОВ РУСЛАН ТАСБОЛАТОВИЧ
Решение:
Отклонить замечания
Причина отклонения
Кітаптарды тасымалдау қызметтерін сатып алуға арналған конкурс құжаттамасына қатысты қойылған ескертулер бойынша төмендегіні хабарлаймыз:
1. Қойма талаптарына қатысты:
Қойма үй-жайына қойылған талаптар (ауданы кемінде 1000 м², төбе биіктігі 4 м, 800 кг-нан 30 тоннаға дейінгі автокөліктердің кіру мүмкіндігі) көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған. Атап айтқанда:
• Кітап өнімдерінің әртүрлі типтері мен көлемдерін уақытша сақтау, сұрыптау, буып-түю және жеткізуге дайындау үшін қоймалық инфрақұрылым қажет;
• Бірнеше жеткізушіден келіп түсетін баспа өнімдерін шоғырландыру және бірыңғай логистикалық тәртіпте жеткізуді ұйымдастыру мақсатында қойма қажет;
• Тасымалдау барысында туындауы мүмкін кідірістер мен техникалық өзгерістерге бейімделу үшін өнімді уақытша сақтау шешуші рөл атқарады;
• Кітап өніміне қойылатын өртке қарсы және санитарлық талаптарды сақтау үшін биік төбелі, кең әрі желдетілетін қойма қажет;
• Әртүрлі көлік түрлерінің кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз ету үшін автокөліктерге арналған кең кіреберіс қарастырылған.
Сонымен қатар, бұл талаптар тек Алматы қаласы немесе Алматы облысындағы жеткізілімдермен шектелмейді. Қызмет көрсету барысында әртүрлі аймақтарға жіберілетін үлкен көлемдегі жүктерді өңдеу және жеткізу қарастырылған. Осыған байланысты қойманың болуы қызметті үздіксіз әрі сапалы көрсету үшін қажет.