Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 553700

Тема сообщения
Конкурс құжаттамасының бұзылуы

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "АДТ-сервис"

Представитель поставщика
АҚЫНБАБА МҰХИТ ЖОМАРТҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2025-10-09 23:41:39

Текст сообщения
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң), әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын, не болмаса шарттық міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Сонымен қатар, Заңның 11-бабының 6-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге, Заңда тікелей көрсетілген жекелеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
Талқылау мен шағымдарды қарау нәтижелері бойынша тапсырыс беруші конкурс құжаттамасына өзгерістерді тек бұзушылықтарды жою және оны заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында енгізуге міндетті, ал әлеуетті өнім берушілердің қатысуын қиындату мақсатында енгізуге жол берілмейді.
Талқылаудан кейін қосымша немесе қатаң талаптарды белгілеу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабында көзделген тең қолжетімділік, ашықтық және адал бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді.
Көрсетілген нормалардың сақталуын қамтамасыз етіп, заңнама шеңберінен шығатын талаптарды белгілеуге жол бермеуді сұраймыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-10-10 11:24:19

Автор:
ОМАР БЕРЕКЕ ЕРМАХАНҰЛЫ

Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации

Описание внесения изменения
В рамках законодательства РК будут внесены изменения и утверждены соответствующие документы .