Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 553704

Тема сообщения
Конкурс құжаттамасының бұзылуы

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "АДТ-сервис"

Представитель поставщика
АҚЫНБАБА МҰХИТ ЖОМАРТҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2025-10-09 23:44:37

Текст сообщения
75-бапқа сәйкес «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына» сай, әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді, техникалық ерекшелікті орындау қажеттілігінен тікелей туындамайтын материалдық және еңбек ресурстарға қатысты біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

Конкурсқа қойылған біліктілік талаптарымен таныса отырып, біз Конкурс ұйымдастырушысы мемлекеттік сатып алуға әлеуетті жеткізушілердің қатысуын әдейі шектеп, негізсіз қиындатып отыр деп есептейміз, себебі ол төменде көрсетілген материалдық ресурстарды талап етеді:Жүк көтергіштігі 16 тоннаға дейінгі шынжыр табанды кран (облыс шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген);

Сыйымдылығы 6000 литрлік су шашатын және жуатын машиналар (облыс шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген);

Жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автомобиль шассиіндегі крандар (облыс шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген);

Жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі жүк-жолаушы борттық автомобильдер.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-10-10 16:30:55

Автор:
ҚУАНЫШ БАҚДӘУЛЕТ ДИНАЛЫҰЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Конкурстық құжаттама жұмысты орындауға арналған сметаның ресурстық бөлімінде көрсетілген материалдық және еңбек ресурстарына сәйкес қалыптастырылады. Смета материалдық және еңбек ресурстарын жоспарлау мен бөлуді автоматтандыратын мамандандырылған бағдарламалық жүйеге енгізіледі.