Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 571133
Тема сообщения
ЕСКЕРТУ
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "СЛУЖБА ОХРАНЫ ШЫҢ АЛЕМ"
Представитель поставщика
ПИРГЕЛДИЕВ ЖАНДОС КОШКАРОВИЧ
Дата и время отправки сообщения
2025-12-19 16:35:13
Текст сообщения
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 72-тармағына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген, бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, егер мемлекеттік сатып алудың нысанасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы рұқсатты талап ететін жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер болып табылса, материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты біліктілік талаптары қойылмайды.
Сонымен қатар, Қағидалардың 73-тармағына сәйкес, жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғанда материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты біліктілік талабы 12-баптың 8-тармағына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурс құжаттамасында (аукциондық құжаттамада) көзделеді.
2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы мемлекеттік сатып алуды конкурстық, аукциондық тәсілмен, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырғанда орналастырылатын ақпаратты белгілейді.
Заңның 12-бабының 8-тармағына сәйкес, үлгілік конкурс және аукцион құжаттамалары уәкілетті орган бекіткен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес салалық уәкілетті органдармен әзірленіп, уәкілетті органмен келісу арқылы бекітіледі.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік қызметтерін сатып алуға арналған үлгілік конкурс құжаттамасының 2-қосымшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығы, бұдан әрі – №112 бұйрық), білім беру ұйымдарында қауіпсіздік қызметтерін алу кезінде материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты бірқатар біліктілік талаптары белгіленгендіктен материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты талаптар №112 бұйрыққа сәйкес белгіленіп бекітілген.