Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 586768
Тема сообщения
Конкурстық құжаттамаға
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
ИП "Утепбергенова М"
Представитель поставщика
УТЕПБЕРГЕНОВА МАГРИПА МУРАТОВНА
Дата и время отправки сообщения
2026-02-16 12:59:10
Текст сообщения
Аталған конкурс алдағы үш жылға қызметті сатып алуға жарияланады. Өнім беруші мектеп асханасын, барлық құрал жабдықтарымен Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 74-бабы, Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу)шарты және Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығын басшылыққа алып, үш жақты шартқа отырып жалға алады, яғни мектеп асханасы және барлық құрал жабдықтар, қолданыстағы заңдар мен ережелер талаптарына сәйкес келіп, жалға берілуі тиіс.
Заңда мектеп асханасы және ондағы құрал жабдықтардың түгел болуы және оның жарамдылығын қамтамасыз етілуі керек болса, қазіргі күні мектеп асханасы құрал жабдықтармен толық қамтылған ба, болса оның жарамдылығы қандай жағдайда ?

Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-02-20 17:42:41
Автор:
БОЛАТБЕКОВА АЙГҮЛ БАЛТАШҚЫЗЫ
Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Сатып алу үш жылға емес, тиісті білім және қаржы жылына жарияланады, тиісті шарттың ұзартылуы шарттарда көзделген бұзушылықтар болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылатыны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 80-тармағында айқындалған.
Мектеп-лицей 2010 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мектеп асханасының құрал-жабдықтары толық тозығы жетіп, есептен шығарылған. Қазіргі таңда қызмет көрсетуші мекеме өзінің барлық жабдықтарымен қамтамасыз етіп отыр. Өз ретінде, аталған Қағидалардың Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмасына сәйкес, Білім беру ұйымында қажетті технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтар мен мүкәммал болмаған жағдайда өнім беруші қызмет көрсету процесінде олардың болуын қамтамасыз ететіндігі туралы талап қарастырылған.