Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 609534

Тема сообщения
Бәсекелестікті шектеу

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Есик Саулет"

Представитель поставщика
КУСКЕЕВ НУРБЕК СЕРИКОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2026-03-16 11:56:33

Текст сообщения
Біліктілік талаптарында биіктігі 50 м діңгекті көтергіштің болуы сұралған. Сметада 30 метрлік флагшток орнату көрсетілгенін ескерсек, 50 метрлік биік техниканы талап ету қисынсыз және бәсекелестікті шектеуге бағытталған «заточка» белгілері бар. Сондай-ақ, аталған жұмыс көлемі үшін автогрейдер мен суару-жуғыш машинасын біліктілік талабы ретінде қою — шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуын қиындатады


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-03-17 08:32:08

Автор:
ӘРІПБАЙ НҰРСҰЛТАН ГАЙДАРҰЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Сметалық құжаттамада 30 метрлік флагшток орнату көрсетілгеніне қарамастан, объект орналасқан аумақтың жер бедері толықтай тегіс емес және монтаждау жұмыстарының қауіпсіз әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші тарапынан биіктігі 50 м діңгекті көтергіштің болуы талап етілген.

Аталған талап жұмыс жүргізу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және биіктікте жұмыстарды сапалы орындау қажеттілігіне байланысты енгізілген. Сондай-ақ автогрейдер мен суару-жуғыш машинасының болуы объект аумағын дайындау, жоспарлау және жұмыстар аяқталғаннан кейін аумақты ретке келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін көзделген.