Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 53794

Тема сообщения
Техническая спецификация

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
ТАЛАСОВ СЕРИК ТУРЕБЕКОВИЧ

Представитель поставщика
ТАЛАСОВ СЕРИК ТУРЕБЕКОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2018-02-07 00:23:08

Текст сообщения
Уважаемый заказчик! Согласно закону Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 434-V ЗРК, прошу Вас прикрепить техническую спецификацию на государственном языке.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2018-02-16 09:07:42

Автор:
ОСИПОВ ОЛЕГ ВАСИЛЬЕВИЧ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бейнероликтерді дайындау және республикалық телеарналарда трансляциялау бойынша көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелік

1. Мақсатты аудитория: Қазақстан Республикасының халқы.
2. Жобаның мақсаты: тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
3. Техникалық ерекшеліктің шарттары:
3.1. Трансляция – Қазақстан Республикасының кемінде үш республикалық телеарнасы. Техникалық ерекшеліктерге телеарналардың кепілдік хаттарын қоса беру.
3.2. Бір бейнероликтің хронометражы – кемінде 30 секунд.
3.3. Бейнероликтер саны: 20 бейнеролик (10 орыс тілі және 10 қазақ тілінде).
3.4. Эфирге шығу саны: әрбір телеарнада кемінде 500 бейнероликтің шығуы.
3.5. Бейнероликтің эфирге шығу уақыты: сағат 07.00– 23.00.
3.6. Бейнероликтердің тақырыбы: өз құқықтарын қорғай алған тұтынушылардың тарихы, оң тәжірибеден мысалдар.
3.7. Әрбір бейнероликтің мазмұны, форматы және сондай-ақ актерлік құрамы Тапсырыс берушімен келісіледі.
3.8. Қызмет көрсету мерзімдері: қазынашылық органдарында шартқа қол қойылған күннен бастап 5 ай ішінде.
3.9. Негізгі тақырыпты ашатын мәтіндік сценарийлер кемінде 2 нұсқасын әзірлеу.
3.10. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін қатаң сақтау.
3.11. Сілтеменің болуы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша».
3.12. Бейнероликті цифрлық форматта, қазақ және орыс тілдерінде дайындау.
3.13. Қызметтер көрсету қорытындылары бойынша өнім беруші Комитетке (Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі, 8):
1) 18 (он сегіз) DVD дискі, әрбір дискі пластикалық бокста (бұдан әрі – дайын өнім) дайын бейнероликтер бар материалдарды.
дайын бейнероликтерді – 18 (он сегіз) DVD дискіде, әрбір диск пластикалық қорапта (бұдан әрі – дайын өнім);
- DVD -дискілерді ресімдеуге қойылатын талаптарды: «Телеарналардағы трансляцияға арналған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бейнероликтер», «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша», «2018 жыл» деп көрсетілген жапсырмамен рәсімдеу.
- пластикалық бокстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: қалыңдығы 9 мм көлемі 192×135 мм, 1 дискіге есептелген, «Телеарналардағы трансляцияға арналған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бейнероликтер», «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша», «2018 жыл» деп көрсетілген мұқабамен рәсімдеу.
2) бейнероликтердің шыққаны туралы анықтамаларды (эфир анықтамалары);
3) материалдарды пайдаланудың айрықша зияткерлік құқықтарын Тапсырыс берушіге беру жөніндегі шартты;
4) көрсетілетін қызметті қабылдау-тапсыру актісін ұсынады.
3.14. Бейнероликтерді дайындау құнына бейнероликтерді шығарумен және республикалық арнада трансляциялаумен байланысты барлық ілеспе және қосымша шығыстар, оның ішінде дайын бейнероликтерді CD/DVD форматындағы дискілерге жазу және шығыс материалдары мен тасығыштардың құны енгізілуі тиіс. Дизайны, декорацияны дайындау, актерлер құрамын іріктеу қызмет көрсету құнына кіреді.
3.15. Бейнероликтерді дайындау бойынша кәсіптік топты құруға қойылатын талаптар, оның ішінде:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшыларды (тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар кемінде 3 тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестігінен 1 өкілден) - техникалық ерекшелікке еңбек қызметін растайтын құжаттарды қоса беру;
2) білікті заңгерлерді, компьютер дизайны маманын, сценарийшіні, режиссерді, бейнетүсірілім операторын, қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне аудармашыны тарту.

Өнім берушіге қойылатын талаптар.
Құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы.
Төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы.
Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
Ықтимал өнім берушінің көрсетілетін қызметтер саласында тәжірибесі болуы (көрсетілетін қызметтерді қызмет көрсету актісімен растау)
Ықтимал өнім беруші республикалық БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара әрекеттесу бойынша шарттар көшірмесін қоса беруі қажет (телевидение).
Тиісті материалдық және еңбек ресурстарының: компьютерлер, ұйымдастыру техникасы және шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті басқа да жабдықтың болуы.
Материалдарды пайдаланудың айрықша зияткерлік құқықтарын Тапсырыс берушіге беруі тиіс.